Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Жаңабаев (4-0, 3 КО) танзаниялық Алли Хасани Буширимен (10-2-1, 3КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын.

Ресейдің Владимир қаласында өткен кездесу бірінші раундта аяқталды. Нұрсұлтан қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.