Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясы, «Астана» - «Яблонец» арасындағы кездесуге қатысқан ойыншылардың Instat Index нәтижелерін жариялады.

Осы көрсеткіштер бойынша «Астана» қорғаушысы Марин Аничич үздік атанды. Босниялық ойыншы бұл кездесуде допқа таластың 86%-да жеңіске жетіп, кездесу барысында 85% тура пас берген.

Екінші орында команда капитаны Ненад Эрич. Астаналықтардың қақпашысы қақпасына жіберген голды есепке алмайтын болсақ, бірнеше қауіпті соққылардың бетін қайтарған еді.

Үздік үштікті Бактиер Зайнутдинов қорытындылады. 20 жастағы ойыншы аталмыш кездесуде қорғаныстың сол қапталында ойнап, 81% тура пас берген. Және де Ричард Алмейдамен бір қатарда айып алаңына пас асыру көрсеткіші бойынша үздік нәтиже көрсетті.

Instat Index бойынша үздік бестік:

  1. Марин Аничич 279
  2. Ненад Эрич 256
  3. Бактиер Зайнутдинов 255
  4. Евгений Постников 237
  5. Антонио Рукавина 235