Қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай (7-0, 2 КО) ертең кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Бокс кеші АҚШ-тың Форт-Вашингтон (Мэрилэнд) қаласында өтеді. Қарсыласы 28 жастағы америкалық Хуан Родригес (8-11-1, 6 КО) болмақ. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Кездесу алдында екі бокс да салмақтарын өлшеді. Екеуінің де салмағы шектеуден асқан жоқ.

Шыңғысхан өзінің соңғы жекпе-жегін 14 қыркүйекте Филадельфияда өткізіп, америкалық Джастин Джонсонды төрешілер шешімімен жеңген еді.