27 қазаннан 28 қазанға қараған түні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» алаңында орта салмақта Дэниел Джейкобс (34-2, 29 КО) пен Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz

Жекпе-жек алдында екі боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Америкалық боксшының салмағы - 72,3 кг, украиналықтың салмағы - 72,2 кг.

Бұл жекпе-жек Джейкобс пен Деревянченко үшін екінші жекпе-жек болғалы тұр.