Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы жаңа жылда бесінші рет қатарынан жеңілді. Бұл жолы Владимир Плющевтің командасы «Рязань» командасына жол беріп қойды.

«Рязань» хоккейшілері бірінші периодта екі шайба соғып үлгерсе, кейін Петров қарымта гол қайтарды. Үшінші периодта Воробьев алаң қожайындарына жеңіс сыйлады, ал жалпы есепті өскемендік Рымарев қорытындылады - 3:2.

«Рязань» (Рязань) – «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) 3:2 (2:1, 0:0, 1:1)

1:0 – Поляков (Галкин) – 07:44

2:0 – Гончаров – 14:45

2:1 – Петров (Грибанов) – 18:26

3:1 – Воробьев (Коротеев, Башкиров) – 43:11

3:2 – Рымарев (Шин) – 43:45

ҚақпашыларТрифонов – Полошков