Australian Open додасының бірінші кезеңі аясында Зарина Дияс пен Галина Воскобоеваның қарсыластары анықталды.

Зарина Дияс 17-ші жасар чехиялық теннисші Катерина Синяковамен кездеседі. Ол WTA рейтингінің 172-ші сатысында тұр.

Ал, Галина Воскобоева 23-жастағы румындық Ирина-Камелия Бегумен күш сыныспақ. Ол әлем рейтингісінде 129-шы орында орналасқан.