Оңтүстік Американың үздік футболшысы «Атлетико Минейромен» келісімшартты ұзартты.

33-жастағы жұлдыздың биыл клубымен келісімшарты аяқталған болатын, алайда футболшы клубымен жаңа келісімге келді.

«Жанкүйерлеріміз ұайымдап жатыр, дегенмен Роналдиньо оларды қатты жақсы көреді. Біз онымен келісімшартты ұзарттық» - деп жазды твиттердегі ресми парақшасында команданың президенті Алешандре Калил.