Чемпиондар лигасының 3-турындағы «Манчестер Юнайтед» - «Ювентус» матчында жанкүйер алаңға жүгіріп шыққан жанкүйер танымалдыққа ие бола бастады.

Алаңға бір жанкүйер жүгіріп шығып, «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуға беттеді.

Жүгіріп шыққан жігіттің есімі Дильман, оның инстаграмдағы аккаунты dilmancr.7. Криштиану онымен «Олд Траффорд» алаңында селфи жасады.

«Криштиану.

Мен сенің мейірімділігіңе алғыс айтамын, сен жай ғана ұлы ойыншы емессің, сен - аңызсың. Бұл суретпен сен менің арманымды орындадың», - делінген инстаграм парақшасында.