Нигериялық шабуылшы Оке Акповета жаңа маусымнан бастап «Ақтөбе» жидесінде өнер көрсетуі мүмкін.

Бұл туралы ойыншыға жақын тұлға мәлім етті.

22-жастағы шабуылшы футболдық мансабын отанындағы «Варри Вулфз» командасында бастады. Кейін, даниялық «Брондбюға» ауысты. Аталған командамен, ойыншының былтырғы маусымда келісімшарты аяқталды. Қазіргі таңда футболшы жаңа клуб іздестіруде.