Қазақстандық теннисші Александр Недовесов пен үндістандық Рамкумар Раманатан Қытайдағы «Челленджердің» жұптық сынында Синь Гао/Фаджин Сун дуэтімен кездесті.

Матч 1 сағат, 34 минутқа созылған. Недовесов пен Раманатан 6(7):7(9), 6:4, 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық-үндістандық жұп турнирдің екінші айналымында Хси Чэн-Пэн/Рунгкат - Портеро/Сабанов дуэтінің жеңімпазымен кездеседі.