Бүгін, Астана уақытымен 21:00-де УЕФА Жасөспірімдер Лигасы аясындағы «Влазния» (Албания) – «Астана» арасындағы кездесу өтеді.

Бұл кездесуге Мальтадан келген, 35 жастағы Трастин Фарружиа бастаған төрешілер құрамы төрелік етеді.

Осыған дейін мальталық маманның Қазақстандық командалармен жолы түйіспеген.

Фарруджиа осы маусымда Мальта чемпионаты ойындарынан бөлек, Еуропа Лигасы іріктеу кезеңі аясындағы «Колрейн» (Солтүстік Ирландия) – «Спартак» (Сербия) арасындағы ойында қызмет атқарған. Оған қоса Жастар арасындағы Еуропа Чемпионатынының ірітеу кезеңінде Әзірбайжан – Израиль арасындағы ойынға қазылық жасаған. Ол осы екі кездесуде 10 сары қағаз көрсеткен. Трастинге алдағы ойында отандастары Роберто Велла мен Кристофер Франкаланц көмектеседі.