Алматыда «Спутник» стадионының қайта жаңарту жұмыстарынан кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Қыран» футбол орталығының ашылу салтанаты өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Жаңартылған стадионда 800 адамға арналған қоршалған ыңғайлы трибуналар, ал оның астында көптеген бөлмелер орналасқан. Айналасы көгалдандырылған арнайы Италиядан алынған соңғы үлгідегі ФИФА-мен сертификаттандарылған дренажды жүйесі бар жасанды футбол алаңы мен спорт алаңдары орталықтың әдемі келбетін келтіруде. Бұл жерде 500-ден астам жас футболшылар дайындалуға мүмкіндік алады. Жалпы орталықта 50 бапкер жұмыс атқарады.

«Барлықтарыңызды керемет мерекемен құттықтаймын! Осындай бастамалар үшін алғыс білдіремін. Бұның барлығы Елбасымыздың спортты дамыту саясатының арқасында жүзеге асырылуда», - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков.