Иран елінде өткен жағажай волейболдан Каспий сериясына кіретін үшінші World Tour турнирінде қазақстандық жұп Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко тұңғыш рет ел қоржынына алтын жүлде салды. Осы туралы Қазақстан ұлттық құрамасының және «Буревестник» командасының бас бапкері Денис Ровкин айтып берді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

- Сидоренко мен Дьяченко еліміздің үздік волейболшылары және олар Иранда ең күшті турнирді жеңіп алды. Ақтық бәсекеде жерлесетеріміз соңғы Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері алаң иелерімен кездесті. Жалпы алған біздің спортшыларды турнирді жақсы бастап, тарихи жеңіспен аяқтады. Бұл жайт, әлемнің ең мықты командалары үшін тосын сый болды.