Жанкүйер қауым асыға күткен «Эль Класикода» қызмет атқаратын төрешілер тобы белгілі болды, деп жазады prosports.kz.

28 қазан күні Испания Ла лигасының 10-шы туры аясында өтетін «Барселона» - «Реал Мадрид» кездесуінде бас төреші қызметін Хосе Мария Санчес Мартинес атқарады.

Айта кетерлігі, 35 жастағы Санчес Мартинес бұған дейін екі мәрте «Эль Класикоға» төрелік еткен.

Ал VAR жүйесіндегі төреші - Алехандро Эрнандес.