«Дакардың» бесінші кезеңінде журналистерді тасымалдаушы көлік аударылып екі адам қаза тапты.

Шетелдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, көлік Сан-Марино-де-Тукуман қаласына бара жатқан. Жолдағы бұрылыста жүргізуші көлікті игере алмай аударылып кеткен. Екі журналист оқиға орнында қаза тапса, үшеуі емханаға жеткізілді.