«Астана» жастар командасы 24 қазан күні өтетін УЕФА Жасөспірімдер Лигасы аясындағы «Влазнияға» қарсы қарымта ойын үшін Стамбул арқылы транзитпен Албанияға ұшып келді.

Василий Маруняк шәкірттері алғашқы күні қонақ үйдің маңында жүгіріп, қалыпқа келу жаттығуларын өткізді. Команда бүгін жаттығу жұмыстарынан бөлек, Шкодер қаласын аралап, аздап серуендеп қайтты.

Естеріңізге сала кетейік, ойын 24 қазан күні Астана уақытымен 21:00-ге жоспарланған. Екі команда арасындағы Астанада өткен кездесуде 3:1 есебімен қазақстандық клуб жеңіске жеткен болатын.