Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.Қазақстандық Юлия Путинцева үш сатыға көтеріліп, 45-ші орынға жайғасса, тағы бір отандасымыз Зарина Дияс 90-шы сатыға табан тіреді. Елена Рыбакина үздік 200 теннисшінің қатарынан шығып қалды. Қазір теннисші 201-ші орында тұр.