ҚФФ баспасөз қызметі футзалдан ҚР кубогы финалдық кезеңінің жеребе нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің финалдық кезеңі 16-25 желтоқсан аралығында Щучинскідегі «Жақсы» спорт кешенінде өтеді.
Жеребе нәтижесі бойынша «С» тобында алматылық «Қайрат», рудныйлық «Аят» және петропавлдық «Динамо Қызыл-Жар» сайысқа түседі. «Д» тобында талдықорғандық «Жетісу», «Ақтөбе» және көкшетаулық «Оқжетпес» бақ сынамақ.
Футзалдан ҚР кубогының финалдық кезең кестесі:
I тур, 17 желтоқсан
«Динамо Қызыл-Жар» - «Қайрат»
«Оқжетпес» - «Жетісу»
II тур, 18 желтоқсан
«Аят» - «Динамо Қызыл-Жар»
«Ақтөбе» - «Оқжетпес»
III тур, 19 желтоқсан
«Қайрат» - «Аят»
«Жетісу» - «Ақтөбе»
1-ші жартылай финал, 20 желтоқсан
«Д» тобында 1-ші орын алған команда - «С» тобында 2-ші орын алған команда
2-ші жартылай финал, 20 желтоқсан
«С» тобында 1-ші орын алған команда - «Д» тобында 2-ші орын алған команда
3-ші орын үшін өтетін матч, 21 желтоқсан
Финал, 21 желтоқсан
Комментарии