Күрес түрлерінен әлем чемпионатының екінші жарыс күні мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан дүбірлді додада бүгін еркін күрес шебері Нұрислам Санаев финалға шықты. 57 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз ақтық сынға дейінгі қарсыластарын қоғадай қырды.

Енді Нұрислам Санаев ресейлік балуан Завур Угуевпен алтын үшін белдеседі.