Алматыда «Жас Қыран» атты футбол орталығы ашылды.Жаңартылған «Спутник» стадионында 800 адамға арналған қоршалған ыңғайлы трибуналар, ал оның астында көптеген бөлмелер орналасқан. Бұл жерде 500-ден астам жас футболшы дайындалуға мүмкіндік алады. Жалпы орталықта 50 бапкер жұмыс істейді.«Барлықтарыңызды керемет мерекемен құттықтаймын! Осындай бастамалар үшін алғыс білдіремін. Бұның барлығы Елбасымыздың спортты дамыту саясатының арқасында жүзеге асырылуда», - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков.