21-ші қараша, яғни ертең Бостон қаласында қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Олимпиада чемпионының қарсыласы америкалық боксшы Мэтт Доэрти болмақ. Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Кездесу, шамамен, Астана уақыты бойынша 06:00-де басталады.