«Қайрат» клубы белорусь маманы Алексей Шпилевскийдің алматылық команданы жаттықтыратыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметіне жаңа жаттықтырушы тағайындалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Клубтың баспасөз-қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және ресми емес дереккөзге сенбеулеріңізді сұрайды.

Дәл қазір клуб басшылығы команданың бас бапкерін анықтады. Тың ақпараттар алу үшін клубтың ресми сайтын бақылап жүріңіз», - деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.