8 желтоқсан күні Остин қаласында (Техас штаты. АҚШ) өтетін бокс кешінде әлі жеңіліп көрмеген үш қазақстандық боксшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бір айта кетерлігі, бздің боксшылардың бәрінің қарсыласы Америка елінің спортшылары. Әрі екі боксшымыз сегіз раундтық жекпе-жек өткізгелі отыр.

Екінші супер жеңіл салмақтағы Искандер Харсан (4-0, 4 КО) сегіз раундтық жекпе-жекте Хорхе Рамоспен (6-0-1, 3 KO) жұдырықтасады. Бұл кездесуге жастар арасындағы WBC Intercontinental белдігі тігіліп отыр.

Ал бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Асхат Жантұрсынов (2-0, 2 КО) Майкл Коронадомен (1-1-1) кездеседі. Бұл жекпе-жек төрт раундқа жоспарланып отыр.

Дәл осы салмақ дәрежесінде бокстасатын Али Балоевтің (7-0, 6 КО) қарсыласы Рэйфорд Джонсон (11-24, 6КО) болмақ. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.