Сауль Альвареске «The Ring» журналының чемпиондық белбуін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Іс-шараның қалай өткенін мексикалық боксшының промоутерлік компаниясы Twitter желісіне жүктеп, жанкүйерлер назарына ұсынған деп жазады.

Сауль Альварес қыркүйекте өткен жекпе-жек нәтижесінде Геннадий Головкинді жеңіп, оны барлық чемпиондық марапаттарын иемденді. Олардың арасында WBC, WBA және «The Ring» басылымының белбеулері бар.

Атақты спорт журналының белбеуін табыстауға арналған мерекелік шара Лос-Анджелес қаласында өтті.

«The Ring» Альваресті «Р4Р королі» деп тапты.