Қазақстандық жағажайшылар «Caspian Sea Series Bandar Anzali Tour» турнирінде жеңімпаз болды.

Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко финалда ирандықтар Бахманом Салеми мен Арашем Вакилиден басым болды.

Бұл жағажай волейболындағы қазақстандық спортшылардың әлемдік турдағы ең ірі жетістігі екенін айта кеткеніміз жөн.