29 жастағы «Астана» футбол клубының футболшысы Серікжан Мұжықов 29-шы тур аясында "Ақтөбемен" болған кездесуде Премьер-Лигадағы 100-ші матчын өткізді. Бұл туралы KazFootball.kz сайты хабарлады.

Серікжан Мұжықов елордалық команда сапында 2014 жылдан бері ойнап жүр. Осы уақытқа дейін 100 кездесу өткізіп, 14 гол соққан.

«Астаны» футболшыларының премьер-лигада ең көп ойын өткізген футболшылары: 1. Ненад Эрич — 183 матч;2. Абзал Бейсебеков — 168;3. Дмитрий Шомко — 147;4. Марин Аничич — 130;5. Евгений Постников — 103;6. Серікжан Мужықов — 100.