«Шахтер» футбол клубының жартылай қорғаушысы Роджер Каньяс донецкілік «Металлург» командасына ауысты.

23 жастағы колумбиялық жаңа клубпен келісімшартқа қол қойды, бұл туралы «Металлургтің» спорт директоры Вардан Исраелян мәлімдеді.

14-ші қаңтар күні Каньяс командамен Түркияға оқу-жаттығу жиындарына аттанады.

Айта кетер жайт, Каньяс қарағандылық «Шахтер» клубына 2012 жылы келген болатын. Екі жыл ішінде ол «кеншілер» сапында 50 ойын өткізіп, ел чемпионатын (2012), Қазақстан Кубогы (2013) мен Суперкубогын (2013) жеңіп алды.