Қазақстандық дзюдошы Жанболат Бағытбергенов 73 келіге дейінгі салмақта жастар арасындағы әлем чемпионатынан қола медаль еншіледі. Ол Багама аралдарында өтіп жатқан жарыста 6 кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жетті.

Айта кету керек, Багама аралдарында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына 67 елден 500-ге жуық дзюдошы 8 салмақ бойынша сайысқа түсіп жатыр.