Астананың «Барысы» бүгін Нижний Новгородтың «Торпедосымен» күш сынасады.

Екі команда өзара 13 рет кездескен болатын. 8 матчта «Барыстың» бағы жанса, 5 ойын новгородтық хоккейшілердің пайдасына аяқталды. Соғылған шайба саны бойынша да астаналықтар алда тұр (39-35). Бұған дейінгі 5 матчтың 3-еуінде елордалық хоккейшілер жеңіске бастар жолды жаңылмай тапты. Әсіресе, 2013 жылдың 14 қазанында «Қазақстан» спорт кешенінде өткен ойында «Барыс» 4:2 есебімен басым түсті.

«Торпедо» 67 ұпаймен 12-орында тұр. Ал «Барыс» үздік үштіктің қатарында. Астаналық хоккейшілер «Ак барстан» 1 ұпайға, мәскеулік «Динамодан» 8 ұпайға қалып келеді. Алда-жалда Боченский бастаған жігіттер бүгін жеңіске жетсе, екінші орынға шығады.

Көрсетілім: КХЛ ТВ, KAZsport

Уақыт: 21:00

Айдын: Профсоюз мұз айдыны

айналайн.кз сайтынан