Бүгін, яғни 18 қазан күні «Астана» футбол клубының негізгі құрам ойыншылары Юрий Логвиненко мен Сергей Малый және елорда футбол орталығының жаттықтырушысы Ербол Мұсабаев №58 мектептің 3-5 сынып оқушыларына шеберлік сабағын өткізді.

Жалпы іс-шара өте қызықты өтіп, №58 мектеп оқушылары өздерінің сүйікті футболшыларымен ашық тілдесіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Жаттығу жұмыстары соңында Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары өз қолтаңбаларын қалдырып, оқушыларға 20 қазан күні «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» және «Ордабасы» арасындағы ойынға билеттер табыстады.

Айта кетейік, Президенттік клубтың құрамына енетін «Астана» футбол клубының ойыншыларының қатысумен өтетін шеберлік сабақтары «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік серіктесінің бастамасымен ұйымдастырылуда.