La Gazzetta dello Sport мәліметіне сәйкес париждік ПСЖ клубының шабуылшысы Эдинсон Кавани келісімшартының уақытын созудан бас тартқан.

31 жастағы шабуылшы алдағы жылдың жаз айларында командадан кетуді жоспарлап отыр. Каванидің командадағы жағдайы көңілінен шықпайтын көрінеді. Сондай-ақ, команданың көшбасшылары Неймар және Киллиан Мбаппемен қарым-қатынасы нашарлап кеткен.

Естеріңізге сала кетсек, осы маусымда уругвайлық шабуылшы алты ойында 5 гол соққан.