Лондондық сот сексуалды дәмешілдік үшін айыпталған қазақстандық таэквондошы Азамат Теңізбаевты ақтады.

Бұл туралы Ұлттық құраманың бас бапкері Арман Шылманов қуана мәлімдеді:«Азамат төрешілердің шешімімен ақталды, жуырда Қазақстанға оралады».Жаттықтырушының айтуынша, 9 қаңтар күні кезекті сот отырысы болу керек-тұғын. Алайда төрешілер өз шешімін бүгін, 8 қаңтар күні қабылдап, спортшыны кінәлі емес деп таныды.