Бүгін Буэнос-Айрес төрінде боксшыларымыз алтын медаль үшін күресіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Негізгі ақтық сынға үш бірдей боксшымыз жолдама алған болатын.

Қазақстандық боксшылар арасынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Дамир Тойбай ресейлік боксшыға жол берді. Біздің өкінішімізге орай, бес төрешінің төртеуі Алексей Дроновты жеңімпаз деп таныды.

Алда тағы екі боксшымыз финалда бақ сынайды. Олар 91 келіде өнер көрсететін Айбек Оралбай мен 64 келіде жұдырықтасатын Талғат Шәйкен.

Бұлардан бөлек бұрымды боксшымыз Надежда Рябец (69-75 келі) қола жүлде үшін Алжир спортшысы Ичрак Чаибпен жұдырықтасады.