Жастар ұлттық құрамасы (U-21) тоғызыншы қаңтар күні оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанады.

Естеріңізге сала кетсек, жастар құрамасын литвалық маман Саулюс Ширмялис қабылдаған болатын.

ОЖЖ-ны барысында Қазақстан үш жолдастық кездесуге қатысады. Біріншісі оң төртінші қаңтар күні Украинаның «Говерла» командасына қарсы жоспарлануда.

Түркиядағы жиын барысында Ширмялис «Достастық кубогына» қатысатын ойыншылардың тізімін анықтайды. Аталған турнирге жастар құрамасы 23-ші қаңтар күні Түркиядан аттанады.

ОЖЖ-на шақырту алған футболшылар:Қақпашылар: Станислав Павлов («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Шахтер» Қарағанды), Андрей Андреев («Іле — Сәулет» п. Өтеген-Батыр), Тимурбек Зәкіров («Бәйтерек» Астана);

Қорғаушылар: Кирилл Пасичник («Атырау»), Максим Грек («Ордабасы» Шымкент), Григорий Сартақов («Атырау»), Рафкат Аслан («Бәйтерек» Астана), Дмитрий Шмидт («Восток» Өскемен), Сергей Кейлер («Қайрат» Алматы), Тимур Рудосельский («Қайрат» Алматы), Нұржарық Кунов («Қайрат» Алматы);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Бауыржан Исламхан («Кубань» Краснодар, Ресей), Алтынбек Даулетханов («Ертіс» Павлодар), Дидар Сыдықбек («Қайсар» Қызылорда), Ринат Хайруллин («Астана»), Қасымхан Таласбаев («Қайрат» Алматы), Досым Окасов («Қайрат» Алматы), Эльвин Аллаяров («Ертіс» Павлодар);

Шабуылшылар: Станислав Лунин («Шахтер» Қарағанды), Тохтар Жанғылышбай («Шахтер» Қарағанды), Виталий Ли («Шахтер» Карағанды), Роман Мұртазаев («Шахтер» Қарағанды), Максим Фильчаков («Ордабасы» Шымкент).