Қарағандылық «Шахтердің» Туркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында жолдастық кездесу өткізетін барлық қарсыластары анықталды.

«Кеншілер» алғашқы жиынын  9-29 қаңтар аралығында Анталья қаласында өткізеді. Мұнда алты жолдастық кездесуді өткізу жоспарланып отыр.

15.01.14 – «Насаф» (Карши, Өзбекстан);

19.01.14 – «Луч-Энергия» (Владивосток, Ресей);

19.01.14 – «Шленск» (Вроцлав, Польша);

22.01.14 – «Хрватски Драговоляц» (Хорватия);

26.01.14 – «Заря» (Луганск, Украина);

28.01.14 – «Ягеллония» (Белосток, Польша).