Оралдық «Ақжайықтың» бұрынғы шабуылшысы Недо Туркович командадан не себепті кеткендігін және мансабын қайда жалғастыратындығын баяндады.

«Өздіріңіз білетіндей, біздің командамыз бірінші лигаға түсіп қалды. Сондай-ақ, клуб басшылығы легионерлерге жалақы төлей алмайтындығын айтты, жаңа маусымнан бастап жас ойыншыларға үміт артатын болды. Сондықтан клубтан кетуге мәжбүр болдым. Қазақстанда ойнаған кездерімді мәңгі есіме сақтаймын.

Демалыстан кейін, қай командада мансабымды жалғастыратынымдығы белгілі болады. Жақын арада шешім қабылдаймыз. Еуропа мен Азия құрлықтарынан ұсыныстар келіп жатыр. Бұдан басқа, Босния жоғары лигасының командалары шақыруда, көреміз не болатындығын, - деді Туркович SCsport.ba сайтында.