Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Станимир Стоилов Андорраға (4:0) қарсы өткен ойын туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz

- Бүгін бізге сәттілік оң көзімен қарады. Жақсы нәтиже, жақсы ойын көрсеттік деп ойлаймын. Бүгін ойыншыларыма ризамын. Қарсыластарымыз - болашағы бар команда, тек әрі қарай дамытуды қолға алу керек.

- Ойынның екінші таймында Андорра құрамасының бапкерімен не жайында сөйлестіңіз?

- Ойын ережесінің бұзылуын туралы айттым, оны төреші байқамады. Көп сөйлегім келмейді, алғашқы таймда Қазақстан құрамасы Андоррға қарсы ойын ережесін бұзған кезде төреші ысқырығы дереу арада естілетін. Бұл жай ғана екі бапкердің арасындағы әңгіме.

- Үзіліс барысында ойыншыларыңызға не айттыңыз?

- Мен ойын барысында жоспарды өзгертпеймін. Қуанышты жағдайлар көп болды - гол салынды, ұттық, жанкүйерлерді қуанттық. Кішігірім мәселе - қарсыластардың өрескел ойыны, сол ұнамады.

- Исламхан қапталда ойын көрсетті, неге алаң ортасында өнер көрсетпеді?

- Андоррамен болған алғашқы ойында-ақ осындай шешім қабылдадық. Қапталда қарсыласпен бетпе-бет ойнай алатын футболшы керек болды. Бауыржан жақсы ойын көрсетті деп ойлаймын, нәтижелі пас бере алды.

- Бақтияр Зайнутдиновты ауыстыру себебіңіз неде?

- Бақтияр ойында аздаған жарақат алып қалды. Оны ауыстырғым келмеген, алайда болашақты да ойлау керек.

- Құраманың капитанын тағы ауыстырдыңыз. Исламхан капитандық белгімен шықты, бұрын Шомко шығып жүрген...

- Мен басқарғалы Қазақстан құрамасында тек екі капитан болды - Дмитрий Шомко и Бауыржан Исламхан. Одан басқалары капитандық белгімен шықпайды.