Конор Макгрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовке реванш өтуі үшін қанша ұсынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы Хабибтің ағасы Алекс мәлімдеді. «Хабибке реванш қызық емес. Конордың командасы реванш өткізуге бірден 15 милллион доллар ұсынды. Алайда, ол ешкіммен қандай ақша болса да жекпе-жеккке шықпайды. Хабибтің жауабы - «жоқ», — дейді «Спорт-Экспресс» порталы.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні Хабиб Нурмагомедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Конор Макгрегорды жеңген еді.