«Сарыарқа» хоккей клубы шабуылшы Антон Жихаревпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

23 жастағы хоккейші өткен маусымды Санкт-Петербург қаласының «СКА-Неве» командасында өткізді. Жоғары хоккей лигасы аясында 10 матчқа қатысып 4 (2+2) ұпай жинаған.