«Дакар-2014» ралли-марафонына қатысып жатқан қазақстандық көлік түгі қалмай жанып кетті. 

Жарыстың екінші күні спортшылар 789 шақырымдық бәсекеге шыққан. Бауыржан Исабаев пен Ғабдолла Әшімов басқарған жол талғамайтын көліктен орта жолда өрт шықты. Нәтижесінде көлік түгелдей отқа оранды, ал жүргізушілері дін аман. Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан екінші экипаж мәреге 31-болып жетті. Айдын Рахымбаев пен Владимир Демьяненко басқарған көлік жоғарыдағы қашықтықты 5 сағат 11 минут 9 секундта бағындырды.