Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Ұлттар Лигасы аясында Андоррамен өтетін ойында алаңға алғашқы минуттан бастап шығатын футболшылардың тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасының алғашқы минуттан бастап алаңға шығатын негізгі құрамы:

Ненад Эрич (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов, Еркебұлан Сейдахмет, Бауыржан Тұрысбек.

Резерв: Владимир Плотников (Қ), Дмитро Непогодов (Қ) - Сергей Малый, Нұралы Әліп, Дмитрий Шомко, Александр Соколенко, Ян Вороговский, Магамед Парагульгов, Думан Нәрзілдаев, Максим Федин, Роман Муртазаев, Алексей Щеткин.

Бас бапкер - Станимир Стоилов.

УЕФА Ұлттар Лигасы аясында өтетін Қазақстан - Андорра ойыны 16 қазан күні елорда уақытымен 20:00-де басталады.