«Қайрат» клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоиловты «сынады», деп жазады Prosports.kz сайты.

«Стоилов қазақстандық футболшылардың ойын тәжірибесінің аздығына шағымданғанын оқыған боларсыздар. Алайда ол өзі клубта 8 шетелдік ойыншының болғанын қалап еді ғой! Өзі бастамашы болған еді ғой! Енді ол «өзі қазған орға» өзі түсті. Ұлттық құрамаға келді. Ал футболшыларды қайдан алады? Оған уақыт керек!» - деп сынады Қайрат Боранбаев Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоиловты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында үш турдан соң 2 ғана ұпаймен үшінші орында келеді. Станимир Стоиловтың қол астында Ұлттық құрамамыз Грузиядан 2:0 есебімен ұтылып, Андорра мен Латвия құрамаларымен 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.