УЕФА Ұлттар Лигасы аясында өтетін Қазақстан - Андорра ойынында Украина елінен келген төрешілер тобы қызмет атқарады.

Бас төреші - Сергей Бойко. Оның көмекшілері – Сергей Беккер мен Александр Войтюк.

Қақпа артындағы төрешілер - Евгений Арановский және Анатолий Абдула.

Қосалқы төреші - Семен Шлончак.

УЕФА Ұлттар Лигасы аясында өтетін Қазақстан - Андорра ойыны 16 қазан күні елорда уақытымен 20:00-де басталады. Тікелей көрсетілім «QazSport» телеарнасында жоспарланған.