"Қайрат" футбол клубы үшін биылғы маусым сәтсіз аяқталуға жақын. Алматылық команда ҚР чемпионатында басты қарсыластары "Астана" футбол клубынан 10 ұпай қалып келеді. Шамасы бұл жолы да, "Қайрат" екінші орын алады.

Футбол маусымы басталған кезде алматылық ұжым алдына үлкен мақсаттар қойды. Ел чемпионатын жеңу мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуды жоспарлады. Бірақ, жылдағы дәстүр қайталанып, "Қайрат" тағы түксіз қалуға жақын. Еуропа лигасының топтық кезеңін айтпақ тұрмақ, төртінші раундқа да шыға алмады, ел чемпионы боламын деген үміті де сейілді. Кім кінәлі? Клуб басшылығы ма, әлде бас бапкер ме? Кеше испаниялық маман Карлос Ферер қызметінен босатылды деген ақпар тарады. Ал, бүгін клуб басшысы Қайрат Боранбаев журналистер алдына шығып мән-жайды айтпақ. Сонымен күтейік. "Қайраттың" басына қара бұлт үйірілгендей...