Америкалық рэп-орындаушы 50 cent UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың шақыруын қабылдап, жақын арада Дағыстанға бармақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Хабиб Нурмагомедовтың шақыртуын қабылдадым. «Билік» телесериалындағы жұмысымды аяқтаған соң, бірден Дағыстанға аттанып, Хабиб және оның командасымен кездеспекпін», - деп жазды рэпер Инстаграмдағы парақшасында.

50 cent Хабибті «шаруа адамы» деп атады. Америкалық рэпер Нурмагомедовпен келісімшартқа отырмақ.