Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос Феррер қызметінен босады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайраттың» басшылығы команданың соңғы матчтарға сәтсіз нәтижелерінен соң испан бапкерімен келісімшартты үзді. Алматылықтар ҚПЛ-дың аяқталуына 4 тур қалғанда көш басындағы «Астанадан» 10 ұпайға артта келеді.

Айта кетейік, Карлос Алос «Қайраттың» тізгінін 2017 жылдың шілдесінде ұстаған болатын. Оның жаттықтыруымен команда Қазақстан Кубогын ғана жеңіп алды.

Енді испаниялық маман кеткен соң, бапкердің қызметін Андрей Карпович атқарады. Ал 2004 жылы ойыншы кезінде «Қайратпен» бірге Қазақстан біріншілігін ұтып алған болатын. «Сары-қаралар» содан бері чемпион бола алмай келеді.