Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында «Жетісу» футбол клубы жетінші қаңтардан бастап бір қатар жолдастық кездесулеруін өткізбек.

Осылайша, талдықорғандық клуб сейсенбі күні түркиялық командалардың бірімен кездеседі. Мұнда көбінесе командаға жаңадан келген және байқаудан өтіп жатқан ойыншыларға мүмкіндік беріледі. Артынша, тоғызыншы қаңтар күніне екінші жолдастық кездесу жоспарлануда. Кейін, соңғы үшінші ойында алаңға «Жетісудің» негізгі құрам ойыншылары шығады.