«Краснодар» футбол клубының ойыншысы Павел Мамаевтың әкесі ұлының қылығына баға берді.

«Баламның істегені үшін баршадан кешірім сұраймын. Қарабет болдым. Қатты ұялам. Павелдің қылығын ешқашан ақтамаймын», - деді Константин Мамаев.

Еске салайық, «Зениттің» шабуылшысы Александр Кокорин мен «Краснодардың» жартылай қорғаушысы Павел Мамаев Мәскеуде көлік жүргізушісін көшеде ұрып, кафеде шенді тұлғаны соққының астына алған. Қазір олар уақытша абақтыда отыр. Тергеу жүргізілуде.