Жасөспірімдер Олимпиадасында велоспорттан біріктірілген жарыс басталды. Қазақстанның ерлер құрамасы жекелей сын жарысында топ жарды.

Глеб Брусенский мен Евгений Федоров берілген қашықтықты 8 минут 17.9 секундта жүріп өтіп, жалпы есепте көш бастады.

Ал қыздар арасында бақ сынаған Светлана Пащенко мен Марина Курносова 9-шы орында келеді.

Велоспорттан біріктірілген жарысқа шоссе мен маунтинбайктегі сайыстар кіреді. Жарыс бес күн өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жалпы жиналған ұпайлар бойынша анықталмақ.