Футболдан Англия кубогы аясында «Тоттенхэммен» (2:0) өткен кездесуде, Тео Уолкотт ауыр жарақат алды, деп мәлімдейді «Канонирлердің» ресми сайты.

Жартылай қорғаушы тізе буынын үзіп алды. Осылайша, «Арсенал» футболшысы үшін маусым аяқталды. Сондай-ақ, ауыр жарақатына байланысты, футболшы алдағы жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қатыспайтын болды.

Уолкотт жасыл алаңға алты-тоғыз айдан кейін ғана оралады.